ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА СОҒЫС ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ?

Тарихымыздан белгілі, 1939 жылдың 1-қыркүйегінде басталған екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылдың  2-қыркүйегіне дейін, 6 жыл 1 күнге жалғасты. Бұл соғысқа жер шарындағы қаншама елдер қатысты. Алғашқы кезде кейбірі жеңімпаз атанатынына сенімді болса, ақырында жеңілістерге ұшырады.1941 жылдың 22-маусы-мынан 1945 жылдың 9-мамырына дейін созылған соғыста қазақстандықтар тарихта қалар ерлік үлгілерін көрсетті.

Тарихшылардың дәлелдеуінше адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс атанған осынау қасіретті қырғында жер бетінен 30 миллиондай адам шейіт болған. Оқ пен жалындаған оттан ажал құшып, хабар-ошарсыз кеткен боздақтар қаншама. Жауыздықтың салдарынан 1миллион 710 мың мектеп, 70 мыңнан астам ауыл, село қирады. Егер Отан үшін жанын пида еткен соғыс құрбандарының әр қайсысына жеке-жеке үнсіздік жарияласа, үнсіздік мерзімі 45 жылға созылады екен.

Иә, бұл жойқын соғыс өзінің алапаттылығымен және орасан аумақты қамтыған көлемділігімен адамзат тарихынан мәңгі өшпейтін қасірет.

Тарихта екінші дүниежүзілік соғыс атанып, әлем халықтарының 80 пайызы қатысқан бұл сұрапыл арпалысқа 61 мемлекет тартылып, 40 мемлекеттің жері отқа оранды. 110 миллион адам қолына қару алды.

Кеңес Одағына тұтқиылдан соғыс ашқан фашизм басқыншылары өздерінің зұлымдыққа толы бас жоспарында миллиондаған адамдарды қырып, қалғандарын құлақкесті құл ретінде пайдалануды мақсат тұтқан. Ұлтшыл әскери-саяси басшылық Орта Азия мен Қазақстанды, Солтүстік Кавказ бен Әзірбайжанды «жабайы халықтар», оларды тек қырып-жойып, жерін иемдену керек деп есептеген. «Мұсылмандар — бүлікшіл халық, олар ақсүйектердің құлы болуға лайық» деген жоспармен 1941 жылдың 22 маусымында, таңғы 4-те фашистік – гитлердің бұйрығымен басталған соғыс 4 жыл – 1418 күн мен түнге созылды.

Ел басына күн туған осы бір сұрапыл жайды басынан бастайтын болсақ, 1939-1945 жылдары болған екінші дүниежүзілік соғыс Германия, Италия, Жапония тарапынан басталғаны белгілі. 1939 жылы 1-қыркүйекте Германия Польшаға басып кірді. 3-қыркүйекте Ұлыбритания және Франция Германияға соғыс жариялады. Осы 1939 жылы Германия мен КСРО он жылдық бейбіт келісімге қол қойды. Германия 1940 жылы сәуірде Дания мен Норвегияны, ал мамыр-маусым айларында Голландия, Бельгия, Люксембург және Францияны жаулап алды. 1940 жылы 10-маусымда Италия, Германия бірлесіп, Грекия мен Югославияны жаулап, алда тұрған негізгі мақсаттарының біріне жетті.

1941 жылы 22-маусымда Германия КСРО-ға басып кірді. Германияның басты мақсаты Барбаросса жоспары бойынша КСРО-ны жою еді. КСРО-ға қарсы соғыс басталар алдында Германия өзінің әскери-экономикалық қуатын нығайтып, Европадағы жеңілген елдердің қару-жарақ, оқ-дәрі, көлік жабдықтарын өзінің мүддесі үшін пайдалануға мүмкіндігі мол болды. Германияның қарулы күштері құрамында 1941 жылдың маусым айында барлығы 7,3 миллион адам қызмет атқарды. КСРО-ға қарсы соғысқа италиялықтар, испан дивизиялары, хорват, словак, француз бөлімшелері, сонымен қатар Германия жаулап алған елдерден жасақталған еріктілер де қатысты. Бұл соғыста бірден соққы беруге КСРО дайын емес еді. Сондай аса қиын жағдайға қарамастан, Кеңес жауынгерлері басқыншыларға қарсы алғашқы күннен ерлікпен шайқасты.

Иә, өткенге ойлана қарайтын болсақ, қаншама жылдарға созылған кеңес-герман соғысының өзгешілігі көп. Гитлершіл Германия Кеңес Одағының ұлттық мемлекеттерін жойып, төрт рейхтік комиссаритқа бөлуді ойластырды. Барбаросса жоспарын жүзеге асыру үшін Германия жоғарғы басқармасы 153 дивизиясын қойса, одақтастары КСРО-ға қарсы 3-дивизиясын қосты. КСРО шекарасына қарай барлығы 190 дивизия шоғырландырылды. КСРО-ға қарсы соғыс бастар алдында Германия өзінің әскери-экономикалық қуатын нығайтып, шайқастар кезінде аса қажет делінген мыс, мырыш, қорғасын, бокситті аса көп мөлшерде жинап алды және Европадағы бұл кезге дейінгі жеңілген елдердің бүкіл потенциалын жұмсауға зор мүмкіндік туды.

Сұрапыл соғыс бүкіл КСРО-дағыдай, күллі Қазақстандағыдай біздің Түркістан облысына да күтпеген қиындықтар әкеліп, халықтың бейбіт тыныш өмірін бұзды. Ұлы Отан соғысы Совет Одағының халықтары үшін, соның ішінде қазақ халқы үшін де үлкен сынақ болды.

1941 жылы 22-маусымда КСРО-ға қарсы соғыс ашылуына байланысты Моквадағы герман елшілігі бір сағаттан кейін ғана сыртқы істер халық комиссары М.В.Молотовқа Германияның КСРО-ға соғыс жариялағаны туралы нота тапсырған. Осыдан кейін әскерге нақты бұйрықтар беріле бастағаны белгілі. Сол күні КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Сыртқы істер халық комиссары М.В.Молотов күндізгі сағат 12-де радиодан сөйлеп, бүкіл халыққа неміс фашистерінің 1939 жылғы екі ел арасындағы бейбіт келісімді бұзып, опасыздықпен шабуыл жасап отырғанын мәлімдеп, Отанды қорғауға шақырды.

Сол күні КСРО Жоғарғы Кеңесі еліміздегі 1905-1918 жылдары туылған ер-азаматтардың әскерге шақырылғаны жайлы жарлықта жариялады. 23-маусымда Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылып, бүкіл елдегі билік бір басшылыққа бағындырылып, Жоғарғы Қорғаныс комитеті құрылды. Ал 8-тамызда Жоғарғы Қорғаныс ставкасының басшылығына Сталин тағайындалды. Ел халқын майдандағы, тылдағы жағдайдан жедел хабардар ету мақсатымен 24-маусымда Кеңестік хабар бюросы құрылған-ды.

Соғыстың болатынын алдын-ала сезіп отырғанымен, Кеңес Одағы оған дайын болмай шықты. И.В.Сталин мен КСРО қарулы күштері басшылары соғыстың алғашқы күндерінде шешуі күрмеуге келмейтін қиындықтарға тап болып, көптеген қателіктерге жол берілді.

Түркістан (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан) өңірінен Ұлы Отан соғысына нақты 142 мың 939 жігіт майданға аттанып, олардың 73 267-сі майдан даласында қаза тапқан.

 

Еще от автора

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Ақпараттық порталға қош келдіңіздер!

Ақпараттық портал жұмысы «Рух пен Жігер Жеңісі» атты кітабындағы барлық мағлұматтар мен ақпараттар кеңістігі бойынша…