СОҒЫСТА ТАЛАЙ ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚАҺАРМАНДЫҚ ТАНЫТТЫ

Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ, бүкіл елдегі сияқты Оңтүстік Қазақстанның перзенттері де ерекше көзге түсті. 1941 жылдың маусым айының соңына қарай 9- танк дивизиясы (кейін 104-ші танк дивизиясы болып өзгертілген) құрамындағы полк командирінің орынбасары қызметіндегі майор Сабыр Рақымовтың өз қолымен жазылған өмірбаянында да осы жай айтылады.

Полк командирі Сабыр Рақымов 1941 жылдың 1-тамызынан 15-қазаны арасында Ставрополь өлкесінің Железноводск қаласында орналасқан эвакогоспитальда емдеуде болды. 104-ші танк дивизиясының бөлімдері жауды өкшелей қуа отырып, 7-қыркүйекте Стряна өзенінен өте сала шайқасқа кірісті. Осы ұрыстарда командирдің орынбасары болған Сабыр Рақымов ерлікпен шайқасты. Сабыр Рақымов Смоленск жерінде жараланып, госпитальға жіберілді. Тәуір болған соң Закавказье майданына жолдама алып, 395-ші атқыштар дивизиясына жіберілді. Ал 1942 жылы мамырда 353 атқыштар дивизиясы командирінің орынбасары болып тағайындалды. 1942 жылы екі рет жауынгерлік Қызыл Ту орденімен марапатталды.

1942 жылы 27-ші тамызда полковник болып, 1943 жылы 19 наурызында генерал-майор шенін алды. 1945 жылдың 26 наурызында ерлікпен қаза тапты.

1943 жылдың күзінде Днепр өзенінен өтуде көрсеткен жанқиярлығы үшін КСРО-дан 2438 жауынгер ерліктің ең жоғарғы белгісі – Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. Олардың арасында біздің жерлестеріміз, Ж.Сүлейменов, Т.Қауынбаев ерекше көзге түсті.

Осы бір жоғарғы атаққа ие болғандардың ішінде қаншама қазақстандық жауынгерлер мен командирлер бар еді. Қазақстанда құрылған 8-атқыштар дивизиясының 46 жауынгері, 69-шы атқыштар дивизиясының 52 жауынгері Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Бұлардың қатарында 229 атқыштар полкінің 16 жауынгері, командирлері мен саяси қызметкерлері бар. Бұл құрама Ташкент облысында құрылды. Оның жеке құрамы негізінен біздің Оңтүстік Қазақстан облысынан әскерге шақырылғандардан жасақталған еді.

Даңқты батырымыздың бірі, жерлесіміз Жамбыл облысының Жуалы ауданында туып өскен Бауыржан Момышұлының (1910-1982 жж.) ерлігі сол жылдардың өзінде аңызға айналған. Ол әскери іске аса қабілеттілігімен 1941 жылы соғыс басталысымен-ақ ерекше көзге түсіп, атақты қолбасшы И.В.Панфиловтың басшылығымен дивизия құруға атсалысты. Кейін бұл дивизия Москва түбінде асқан ерлік көрсетіп, 8-гвардия Панфилов атымен аталды. Бауыржан Момышұлы алғашқы ұрыстарда рота, батальон, полк басқарып, кейін дивизия командирі дәрежесіне дейін көтерілді.

Соғыс өрті шарпып тұрған 1943 жылғы жаңа жылды қарсы алған кездегі Жәлел Қизатов деген жауынгердің басынан кешкен оқиғасы жөнінде айтқанына ден қойсақ: «Әрине, біз жаңа жылды қыстың шытынаған сары аязында жерден қазылған суық қамбаларда өткіздік, сол жаңа жылды атап өтуге қолымызда айтарлықтай ештеңе де бола қойған жоқ. Дегенмен, біз үшін бұдан жақсы жаңа жыл ешуақытта да болмағандай еді. Мұнда жаудың жеңілетініне көзіміз жетті. Осы күннен бастап қоршауда қалған неміс армиясының халі барған сайын нашарлай берді…», деген екен ол.

1943 жылы «Мы победим» газетінің 32 нөмірінде «Герой наступательных боев» деген мақала шығып, старшина Әнапияев Икрам деген жігіттің батырлық ісі жөнінде айтылды. Оңтүстікқазақстандық ол соғыстан бір жыл бұрын жоғары оқу орнын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген екен.

 

Еще от автора

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *